RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

Жұмыс бағыттыры


Өсімдік шаруашылығы, егіншілік, механикаландыру және мелиорация

2019 жылғы 14 тамызға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау барысы туралы жедел ақпарат *.xls 30 KB
2018 жылға қаржыландыру жоспары *.doc 54 KB
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы *.doc 107 KB
ШҚO бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің барысы туралы ақпарат (04.06.2018 ж.) *.xls 30 KB

Хабарландыру

2016 жылдың 1-қаңтарынан  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаласы» қолданысқа енгізілді. Қолданыстағы қағида бойынша қосымшадағы нысанға сәйкес суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға ай сайын өтінім беріледі.
Өтінішті қабылдау 2019 жылдан бастап «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Өсімдік шаруашылығы және егіншілік, тұқым және астық инспекциясы бөлімі (25.06.2018 ж.)
Егіншілік – Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығының негізгі саласы және өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге арналған дақылды өсімдіктер өсірумен айналысады. Аталған сала халықты тағам өнімдерімен, мал шаруашылығы өнімдерімен және мал азығымен қамтамасыз етеді.  
Өсімдік шаруашылығы саласына жасалған талдау, 2017 жылы ауылшаруашылық дақылдарының өсу және қалыптасу кезеңіндегі ауа райының қолайсыздығы салдарынан дәнді дақылдар мен астық өндіру бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы жиналған өнімі жаман емес.
Статистикалық мәліметіне сәйкес 2017 жылы 657,1 мың тонна ғана астық алынды және шығымдылығы гектарынан 11,8 центнерден болды.
2017 жылы аудандар берген есеп бойынша таза сүрі жер аумағы 115 мың га құрады. Одан басқа егіс алқабы 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 53 мың. га кобейді.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылғы көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы туралы» ақпарат
Шығыс Қазақстан облысында 2018 жылғы көктемгі егіс жұмыстары аяқталды.
Егістік алқабы 1369,4 мың гектарды құрады, оның ішінде жаздық егіс алқабы 1122,0 мың га, күздік дақылдар 26,0 мың га, өткен жылғы көпжылдық шөптер 221,4 мың га. Ылғал сақтау технологиясы бойынша 481,2 мың га алқапқа өңделді.
Егістік алқаптары өткен жылмен салыстырғанда 53,0 мың гектарға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарын құрылымы облыс бойынша келесідей ұсынылады:
- дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 583,5 мың га (42,6%)
- майлы дақылдар – 434,9 мың га (31,8%),
- мал азықтық дақылдар – 316,3 мың га (23,1%),
- картоп – 21,0 мың га (1,5%),
- көкөніс және бақша – 13,8 мың га (1,0%).

Егіске арналған тұқыммен қамтамасыз етілуі

2018 жылғы облыстың агроқұрылымдарымен 100% кондициялы тұқым дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар салынды. Бірінші және екінші класс тұқымдары 85% құрады. Тұқым жоғары репродукциялық (элита, 1-2 репродукциясы) 54,6% құрады.

Жер өңдеу және егістік техникасының дайындығы
Көктемгі егіс жұмыстарының барлық кешенін жүргізу үшін облыс бойынша қажетті тракторлар, жер өңдеу және егістік техникалары жеткілікті және оларды жөндеу және дайындық жұмыстары жалғасуда. Техниканың дайындығы бүгінгі күні 97-98% құрайды. Тракторлардың дайындығы 98%, жер өңдеу техникаларының дайындығы 97%.

Дизель отынымен қамтамасыз етілуі
2018 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 25,0 мың тонна дизель отыны Энергетика министрлігі Павлодар МХЗ-дан бөлді. Наурыз айына – 156,0 мың теңге тоннасы, сәуір - мамыр айлары 161,0 мың теңге тоннасы зауытынан босатылды. Әкімшілік адандары дизель отынын ауылшаруашылық құрылымдарына жеткізетін операторларды айқындады.

Дала жұмыстарын субсидиялау
Өсімдік шаруашылығын қолдау мақсатында биылғы жылы облыстық бюджеттен 4млрд. 4 млн.теңге субсидия бөлінді, оның ішінде:
- тұқым шаруашылығын қолдауға – 800,6 млн. теңге,
- минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға – 1 млрд 600 млн. теңге,
- гербицидтердің құнын арзандатуға – 1млрд.179,4 млн теңге,
- өнімділігін арттыру өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасына – 607,9 млн. теңге
- су беру құнын субсидиялауға – 168,6 млн. теңге.
2018 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі-егістік және астық жинау жұмыстарын жүргізуге 1% екінші деңгейдегі банктердің кепілдемесі арқылы тікелей қаржыландыруға  жоспарланған, сондай-ақ 2% кредиттік серіктестіктерді қорландыру (АҚ АНК серіктестері), бұл ретте ставкасы соңғы қарызгер үшін 6% - ды құрайды, бұл мақсатқа облысқа 1 млрд. 175,4 млн. теңге қаржы-қаражат берілді.

2018 жылға минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы бойынша ақпарат
Шығыс Қазақстан облысына 2018 жылға «Минералдық тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» бағдарламасы бойынша 1,6 млрд теңге бөлінді.
2018 жылғы егінге арналған үшін топырақ құнарлылығын арттыру үшін облыс шаруашылықтары 29 мың тонна минералдық тыңайтқышқа өтінім берді. Минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау қызметі ашық болуы үшін бұл қызмет 2018 жылы толық автоматтандырылды. Қызмет  «minagro.kz.» сайты арқылы көрсетіледі.  Бүгінгі күні 1137,7 млн.теңгеге 27,1 мың тонна тыңайтқыш субсидияланды немесе 71,1%.
Ауыл шаруашылығы басқармасы минералдық тыңайтқыштардың нормаларын арттыру бойынша жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштарды енгізу нормалары Шығыс Қазақстан облысы бойынша ғана 2017 жылғы деңгейге жеткізілді.

Суармалы жерлер туралы мәліметтер
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алған кезде суармалы егіншілік басты буыны. Бұл тәуелділікті ескере отырып, облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері суармалы алқаптарын кеңейту және суармалы егіншілікті дамыту бойынша жүргізеді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша суармалы жерлер 200,8 мың гектар суармалы жерлер бар, оның ішінде 2017 жылы суарылған жер көлемі 87,8 мың гектар (43,7%). 
Шаруа қожалықтарының мүмкіндіктері мен «Қазсушар» РММ ШҚ филиалының жасалынып жатқан жұмыстарының нәтижесінде 2,2 мың гектар суармалы аумақты  ұлғайтып, 2018 жылы пайдаланылатын суармалы жердің көлемі 90,0 мың гектар (44,8%) аумаққа жеткізілді.

ШҚО облысы бойынша сурмалы жер көлемі Бекітілгені, га Оның ішінде суарылады
барлығы СХТП Жұртшылыққа бекітілген жер 2016ж 2017ж 2018ж
(жоспар)
200 835 159 306 145 856 13 450 82 500 87 800 90 000

Суарудың су үнемдітехнологиясы
Суармалы жерлерді игеру мен қатар суарудың жаңа технологиясы, яғни суды үнемдеу тәсілдері: тамшылатып және жаңбырлатып суару енгізілуде.
2017 жылы суды үнемдеу тәсілі 8,5 мың гектар жерге енгізілді.  «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында инвестициялық субсидиялаудың жаңа қағидалары енгізілді, онда суару жүйелерін құру және кеңейтуді субсидиялау қарастырылған.
Инвестсубсидия бұлбағыт бойынша нысан іске қосылғанан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарының және құрылғыға кеткен шығынның 30% төленеді.

2018 жылға қаржыландыру жоспары *.xls 32 KB
19.02.2018 жылғы жағдай бойынша ШҚО-дағы дизель отынының бағасы *.xls 61 KB

 

Парақтар өзгертілді: 14-08-2019
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719