RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

Жұмыс бағыттыры


Жоспарлау және талдау, ақпараттық қамтамасыз ету, инвестициялық және инновациялық саясат

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің 2018 жылғы 1 жарты жылдықтағы дамуы туралы ақпарат

2018 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 126,4 млрд. теңгені құрады, 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғандағы өсім  13,6 млрд. теңге немесе 112%.
2018 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 126,1 млрд. теңгені құрады, 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғандағы өсім  13,5 млрд. тенге немесе 111,9%.
Өсімдік шаруашылығы саласының 2018 жылғы 1 жарты жылдықтағы жалпы өнім көлемі 236,5 млн. теңге, өсім 76,6 млн. теңге немесе 147,9%.
2018 жылғы қаңтар-маусымда НКИ 104,4 %, мал шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілген нақты өсім 104,4% құрады. 
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 23,2% артып, 8,46 млрд. теңгені құрады.
Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына салынған инвестиция 41,8% өсті және 1,16 млрд. теңгені құрады.
Тірі салмақта ет өндіру көлемі 112,8 мың тонна, өсім 6,7 мың тонна (2017 жылғы тиісті кезеңде өндірілген ет 106,1 мың тонна) немесе 106,3%,  сүт  – 421,1 мың тонна, өсім 14,4 мың тонна (2017 жылы өндірілген сүт  406,7 мың тонна) немесе 103,5%, жұмыртқа 72,4 млн. дана (101,2%).
Мүйізді ірі қара мал саны 1136,0 мың басқа (101,1%), жылқы 398,7 мың басқа (103,6%), құс 4358,1 мың басқа (94,6%) өсті.
2017 жылы 2,2 млрд. теңгеге 14 жоба іске асырылды, 2018 жылы АӨК-нің құны 9,4 млрд. теңге болатын 39 жобасын, оның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы 7,2 млрд. теңгеге 26 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Сүтті ірі қара шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 2018 жылы 14 ТСФ салу және жаңарту жоспарланды (жаңа 8 бірлікті салу және қолданыстағы 6 бірлікті жаңарту). Жарты жылда 1 ТСФ құрылды. Халықтан сүт сатып алу үшін 15 сүт қабылдау пунктін құру көзделді, 11 СҚП ашылды.
Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылғы 2 тоқсанда 29 ауылшаруашылық кооперативі тіркеліп, олардың жалпы саны 439 кооперативті, оның ішінде сүт өндіру және ет өңдеу бойынша - 290, балық өсіру бойынша - 4, бал ара шаруашылығы бойынша – 5 және аралас кооперативтер 140 құрады.

Парақтар өзгертілді: 26-07-2018
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719