RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ


Кредиттеу

 

    «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жүзеге асырып жатқан 2018 жылға арналған кредиттеу бағдарламалары *.zip 29 KB
    Сүтті-тауарлы фермалар «Ырыс» бағдарламасы *.doc 35 KB
    Кредитные ресурсы Егинжай - реальная помощь *.doc 25 KB
    Шағын несие ұйымдары үшін несие қорлары  
    Қой шаруашылығын дамытуға арналған шағын кредиттер.  

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аккредиттелген дайындаушы ұйымдардың тізбесі

  1. «Молочный Экспресс» ЖШС;
  2. «Мясной стандарт» ЖШС;
  3. «Ұлан сүті» ЖШС.

 

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ШҚ филиалдары:

    «Қазагроқаржы» АҚ http://kaf.kz/
    «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ http://www.agrocredit.kz/
    «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ http://www.fad.kz/kk
    «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ http://fcc.kz/
    «Қазагромаркетинг» АҚ http://kam.kz/

Шығыс Қазақстан облысында ет бағытындағы ірі қара малын өсіруге ұсынылатын ірі қара малының тұқымдары, мемлекеттік қолдау және ет бағытындағы ұрықтандырушы бұқаларды сататын шаруашылықтардың тізімі

Қазақтың ақбас тұқымы, әулиекөл, герефорд және ангус асыл тұқымды ірі қара малының – негізгі бағыты ет өндіруге арналған.

Аталған етті бағыттағы асыл тұқымды малдар уақытпен тексерілген, олардың жақсы қасиеті- Шығыс Қазақстан өңіріндегі климатқа төселген, өсіруге өте қолайлы өйткені өңірдегі қыстың суығымен жаздың аптап ыстығына төзімді.
2011 жылдан бастап «Ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту» Республикалық бағдарламасы жұмыс істеуде.

Мұнда «ҰБХ ҚАЗАГРО» АҚ тарапынан фермерлік шаруашылықтарды несиелеу және олардың бизнесін дамыту үшін мемлекеттік қолдау жақсы жолға қойылған.

«Аграрлық кредиттік корпорациясы» және «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ тарапынан фермерлік шаруашылықтарды кредиттеудің мынадай талаптары бар:

 

Кредиттеу көздері Республикалық бюджет қаражатынан
Қаржыландыру валютасы Тенгемен
Сыйақы Жылдық 6%
Кредит беруші мекемелер Ауыл шаруашылығын қолдау қоры Агро кредиттеу корпорациясы
Сатып алатын малдың мөлшері 50 аналық басқа дейін 50 бас аналықтан жоғары
Бір заем алушыға берілетін қаражаттың мөлшері  8 500 000 тенгеге дейін 8 500 000 тенгеден жоғары
Қаржыландыру инструменті Заем, кредиттік линиясы
Кредиттік қаржының негізгі бағыты 1. ІҚМ аналық мал бастарына мұның ішінде асыл тұқымды бұқаларға
2. Негізгі және айналымдағы қаржыны толықтыруға
Қаржыландыру уақыты Аналық мал бастарына, негізгі және айналымдағы қаржыны толықтыруға – 7 жыл;
Айналымдағы қаржыға – 2 жыл.
Негізгі қарызды төлеудің жеңілдетілген кезеңі және % Әрбір транш берілгеннен кейін айналымдағы қаржыға – 1 жылдан көп емес;
Аналық мал бастарына және негізгі қаржыны толықтыруға – 7 жыл;
Әрбір транш берілгеннен кейін - 2 жыл

 

Бағдарламаның негізгі талабы – сатып алатын мал аурудан аман және ветеринарлық куәлігінің сондай-ақ, бірдейлендіру нөмірінің болуы.

Бұдан басқа, 2011 жылдан бастап «Ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту» Республикалық бағдарламасы жұмыс істеуде. Осы бағдарлама аясында етті бағыттағы ірі қара малының аналық мал бастарының өнімділігін жақсарту мақсатында өнімділігі төмен аналық мал бастарын етті бағыттағы қазақтың ақбас, әуликөл, герефорд және ангус асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстыру жоспарланған. Осы бағдарламаға қатысушы ірі қара малын өсіруші шаруа қожалықтарының 30 бас аналық мал басын шағылыстыру үшін зоотехникалық талаптарға сәйкес 1 бас етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаның болуы тиіс (30/1). Шаруа қожалықтары осы талаптарды орындаған жағдайда асыл тұқымды және селекциялық жұмыстарды жүргізгені үшін бір аналық басына 18 000, асыл тұқымды бұқаларды сатып алғаны үшін әр басына 154 000 тенге субсидия қарастырылған.

Аталған бағдарламаға қатысуға ынта білдіруші шаруашылықтарға асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға кеңес бере отырып, биылғы жылы облыстаға асыл тұқымды мал шаруашылықтарындағы сатылуға дайын 1 262 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқалары, 40 бас - әулиекөл, 77- бас герефорд және 98 бас ангус тұқымды бұқаларының тізімі көрсетіліп отыр. Тізім қосымшаға сәйкес берілген.

Ауыл бизнесін қаржылық қолдау

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚАуыл халқын әлеуметтік қолдау мәселелері әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларда айрықша орын алады. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ ауыл шаруашылығын және бизнесті кредиттеудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

Ауылдағы жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар үшін «Ауылдық шағын кредит» бағдарламасы бойынша 3 жыл мерзімге 1 млн. теңгеге дейін 9,5% жылдық мөлшерлемемен кредит беріледі.
Ет бағытындағы ірі қара мал төлін өсіру үшін шағын кредит беретін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 7 жыл мерзімге 18 млн. теңгеге дейін, 6% жылдық мөлшерлемемен кредит беріледі.
Өсімдік шаруашылығын дамытуға  «Егінжай» бағдарламасы бойынша 3,0 млн. теңгеге дейін 2 жыл мерзімге 12% жылдық мөлшерлемемен кредит беріледі.

2012 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша  «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы республикалық бюджеттен 866,8 млн. теңге кредит берілді. Оның ішінде «Ауылдық шағын кредит» бағдарламасы бойынша  213,6 млн. теңге мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға және ауылдағы бизнестің басқа да түрлеріне берілді.  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша шаруаларға 630,9 млн. теңге 3551 бас ұрғашы ірі қара малын және 246 бас асыл тұқымды етті тұқымды бұқа  сатып алуға, «Егінжай» бағдарламасы бойынша өсімдік шаруашылығын дамытуға - 22,3 млн.теңге бөлінді.

«Ауылдық шағын кредит», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен 2012 жылға бөлінген қаражат толық игерілді. Етті тұқымды ірі қара төлін сатып алуды «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтінім қабылдау жалғасып жатыр.

 

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  АҚ

 

АО НУХ КазАгро
АО "НК Продкорпорация"
Ислам Даму Банкінің қаржысына жүзеге асырылатын ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін шағын несиелендіру бағдарламасы («Мурабаха»)
 

«Сыбаға»
 

«Егінжай»
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ

 

 

Парақтар өзгертілді: 26-04-2018
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719