RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

ГУ «Управление сельского хозяйства ВКО


Негізгі қызмет түрі

1) Аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және соның негізінде агроөнеркәсіп кешені дамуының болашағы мен үрдістерін айқындау;

2) нарықтық инфрақұрылымның және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымдарның қалыптасуына, бірыңғай қаржылық- инвестициялық саясатты жүргізуге ықпал ету;

3) ақпараттық маркетингтік қамтуды, облыс және республика өңірлері бойынша нарықтық жағдайды, ауыл шаруашылық өнімдерін және оның өңдеуден өткен өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндіктерін зерделеуді ұйымдастыру;

4) агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуының облыстық бағдарламаларын әзірлеу, облыстық бюджеттің жобасын әзірлеуде ұсыныстар енгізу;

5) ауыл шаруашылық құрылымдарын, тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындарын қайта құрылымдау және қаржылай сауықтыру шараларын жүзеге асыру;

6)тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен және сауда-жабдықтау ұйымдарымен бірге шаруашылық аралық бірігуін дамытуға және жетілдіруге ықпал ету;

7) ауыл шаруашылық ресурстарын кешенді түрде пайдалану, өндірістік өнімнің жаңа түрлерін игеру, құрал-жабдықтарды жаңғырту, инвестициялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыруға қатысу бойынша іс-шараларды әзірлеу;

8) агроөнеркәсіп кешенін техникалық қайта жабдықтау, лизинг бойынша ауыл шаруашылық техникасын және технологиялық құрал-жабдықтар жеткізу мәселелеріне қатысу.

  

Парақтар өзгертілді: 18-04-2016
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719