RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы


Әкімшілік бөлімі

Әкімшілік бөлімінің басшысы Молжабаева Гүлнара Мерғазықызы

Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау және ұйымдастыру.
Облыс әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен, өз құзыреті шегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен, облыс әкімінің заңгерлік бөлімімен, облыстық прокуратурамен, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ШҚО бойынша басқармасымен, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен, персоналды басқару қызметімен, бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен,  облыс әкімінің мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімімен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Құжаттама, іс-жүргізу, құқықтық, кадрлық қызметті қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселелері бойынша басқарма қызметін ұйымдастыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, мерзімін және толықтығын  қамтамасыз етуді өз құзыреті шегінде бақылау.
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Бас маманЕлюбаева Айжан Бақытқанқызы

 

Бас маман
Аймұхамбетова Нұргүл Молдашқызы
Бөлімдер әзірлеген ақпараттарды редакциялауды жүзеге асыру. Ережелерді, бағдарламаларды, шараларды, шешімдерді, бұйрықтарды, есептіктерді, бюджеттік тапсырыстарды, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін, кіріс және шығыс ақпараттарды, хаттарды, арыз-шағымдарды мемлекеттік тілде дайындау, редакциялау. Басқарма мамандарының мемлекеттік тілді оқуына бақылау жүргізу. Ауыл шаруашылығы басқармасы сайтының жұмыс істеуін және уақтылы жаңартылып отыруын қамтамасыз ету.
Кабылова Нургуль Бейсенкызы Бас маман
Кабылова Нургуль Бейсенкызы

Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру; тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; кадрлар іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

  Бас маман
Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің толық, уақтылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне мониторинг жүргізу және бағалау. Мемлекеттік қызметтердің жиынтық есебін жүргізу және есеп беру. Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерді орындауына бақылау жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімдігінің мемлекеттік қызмет мониторингі бөліміне мемлекеттік қызмет көрсетуге ішкі бақылау бойынша ақпарат беру. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат әзірлеу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі бақылау жүргізу. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсінікті нысанда хабардар етуді үйлестіру. жоғары мемлекеттік органдардан түскен құжаттардың орындалуына бақылау жүргізу. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, мәслихат шешімдерін және облыс әкімінің өкімдерін орындау. Ауыл шаруашылығы басқармасы сайтының жұмыс істеуін және уақтылы жаңартылып отыруын қамтамасыз ету.
  Бас маман
Басқарманың қызметін бақылау және ұйымдастыру, басқарманың жұмыс регламентін сақталуына бақылау жасау, басқармада ақпараттық қауіпсіздікді сақтауға мониторинг жасау және бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру, «Ашық ақпарат» порталындағы ақпараттарды жаңарту, жоғары мемлекеттік органдардан түскен құжаттардың орындалуына бақылау жүргізу. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, облыс әкімінің аппарат басшысының хаттамалық тапсырмаларын, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімдерін уақтылы орындалуына бақылау жүргізу.

 

Парақтар өзгертілді: 06-11-2019
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719