RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын экономикалық талдау, жоспарлау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі

АӨК дамуын талдау, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы - Кошерова Жаннат Қызметқызы

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына тұрақты негізде мониторинг және талдау жүргізу.  АӨК дамыту бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жалпы үйлестіру және олардың орындалуына қатысу. Өңірдің агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру; агроөнеркәсіптік кешен саласына инвестициялар тарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз ету. Жобалық басқарудың егжей-тегжейлі жоспарының индикативтік көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, облыстың АӨК дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингілеу және талдау.           
Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету. АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету. Бөлімнің лауазымдық міндеттерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету және облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын, бақылау хаттарын уақтылы орындау.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау.

 

Бас маман
Курманбаев Даулет Рамазанұлы
Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстарды талдау, болжау және әзірлеу; өңірдің агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инвестициялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру; агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру және мониторингі; агроөнеркәсіптік кешен саласында инвестициялар тартуға қатысу; облыстың АӨК-не инвестициялар тарту бойынша іс-шараларға қатысу және материалдар дайындау; IT-форумдарға қатысу және материалдарды дайындау; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларының мониторингін жүргізу; облыс әкімінің АӨК саласына қатысты шешімдерін, әкімдік қаулыларын әзірлеу; облыс әкімінің, облыс әкімдігінің АӨК саласындағы шешімдері мен қаулыларын әзірлеу;
жұмыс жоспарына сәйкес облыс әкімдігінің отырыстарына материалдар әзірлеу; АӨК-ні дамыту мәселелеріне қатысты семинарлар мен кеңестерге қатысу.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау.
Бас маман
Солтанғазина Назым Қадырқызы
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсыныстарды үйлестіру, талдау, болжау және әзірлеу; жобалық басқарудың егжей-тегжейлі жоспарын іске асыру бойынша мониторинг және есеп беру. Битрикс АЖ-да жобалық басқарудың егжей-тегжейлі жоспарының іс-шараларын мониторингілеу және орындау.  Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша есеп жүргізу және ұсыну. АӨК субъектілеріне ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру. Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде тиімді жұмысты қамтамасыз ету және облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын, бақылау хаттарын уақытында орындау. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің, мәслихат шешімдерінің, облыс әкімінің өкімдерінің орындалуын бақылау.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау.
Бас маман
Тулеубаева Меруерт Қашағанқызы
АӨК даму көрсеткіштеріне қол жеткізу мониторингі және талдау; АӨК дамыту мәселелері бойынша талдау, болжау, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын жүргізу, мониторингілеу және талдау; облыстың АӨК даму жағдайы бойынша басшылыққа есептер дайындау. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша мониторинг және есеп беру. АӨК негізгі көрсеткіштері бойынша ауыл шаруашылығына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына үстел кітабын ұсыну; ШҚО дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын жүргізу. Бөлімнің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде тиімді жұмысты қамтамасыз ету және облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын, бақылау хаттарын уақытында орындау. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің, мәслихат шешімдерінің, облыс әкімінің өкімдерінің орындалуын бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау.

 

Парақтар өзгертілді: 14-08-2019
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719