RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

Астық, тұқым, техникалық инспекция және механикаландыру бөлімі

Бөлім басшысы - Көрпешов Алтынбек Ырысбекұлы

Бөлімге жалпы басшылық ету. Астық, тұқым және техникалық инспекция саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруді жүзеге асыру. Астық, тұқым және техникалық инспекцияны дамыту мәселелеріне қатысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін облыстық семинарлар мен кеңестер өткізуді ұйымдастыруға қатысады.
Машина-трактор паркіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу мәселелерінде бақылауды және әдістемелік көмекті жүзеге асыру. Облыста техникалық қамтамасыз ету жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу, талдау және олардың негізінде агроөнеркәсіптік кешен өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, жаңа технологияларды жетілдіру, енгізу және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жалпы үйлестіру және олардың орындалуына қатысу. Құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асыруға қатысу.
Қосалқы бөлшектер мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу бойынша жабдықтау құрылымдарымен іскерлік байланыстарды қолдау.
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу.
Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу.
Агенттің, қоғамның қызметіне, олардың Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру. Сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы Заңнамасының және "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамауы туралы істі қарау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерінің, мәслихат шешімдерінің және әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау.
Облыстық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру кезінде сөз сөйлеу, материалдар дайындау, АӨК өнімдерінің өңірлік жәрмеңкелері мен көрмелерін өткізуге қатысу.
Басқарма басшылығының жүктелген функцияларын, нұсқаулары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.
Басқарма басшысының тапсырмаларын уақтылы орындау және орындалуын бақылау.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы орындау, орындалуын бақылау және талдау.

тел 8 (7232) 700-723

 

Главный специалист
Кітапбаев Қанат Жанұзақұлы
Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды, сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егістерді байқаудан өткізу, жерге егіп бағалау, зертханалық сорттық сынақтар, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұқым шаруашылығы субъектілерінің тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттарды және өзге де нормативтік құжаттарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру. Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері көрсететін қызметтердің сапасын тексеру. Аттестатталған тұқым өндірушілердің қызметін олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан инспекциялауды жүзеге асыру. Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау. Субъектінің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуы; тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметті тоқтату туралы ұсыныстар енгізу. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттарды, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау. Құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқымдардың сақтандыру және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу. Ауыл шаруашылығы жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, тұқым шаруашылығы субъектілерін және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды жүргізу. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерінің, мәслихат шешімдерінің және әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау. Машина-трактор паркін және технологиялық жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру, Машина-технологиялық станциялар (сервис-орталықтар) желісін дамыту және олардың қызметіне мониторингті жүзеге асыру, мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру бойынша агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Өсімдік шаруашылығы, егіншілік және тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша облыс әкімі шешімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын, ағымдағы және бақылау хаттарына жауаптар дайындау. Облыстық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру кезінде сөз сөйлеулер, материалдар дайындау, АӨК өнімдерінің өңірлік жәрмеңкелері мен көрмелерін өткізуге қатысу, белгіленген нысандар бойынша есептік деректерді ұсыну. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау.
Главный специалист
Чайзадина Жанар Оқанқызы
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру; Машина-трактор паркіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу мәселелерінде бақылауды және әдістемелік көмекті жүзеге асыру. өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету бойынша бәсекелестік орта құру жөнінде шаралар қабылдау. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және тіркеу құжаттарын бере отырып, мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді, сондай-ақ олардың кепілін тіркеуді қамтамасыз ету. Машиналарды мемлекеттік тіркеудің болуы немесе болмауы туралы анықтама беру. Қосалқы бөлшектер мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу бойынша жабдықтау құрылымдарымен іскерлік байланыстарды қолдау. Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жақсарту бойынша жобалар мен перспективалы жоспарларды әзірлеуге практикалық көмек көрсету, өндіріске жаңа технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы техникасының қазіргі заманғы үлгілерін жылжыту бойынша көмек көрсету. Техникалық инспекция мәселелері бойынша ағымдағы және бақылау хаттарына, облыс әкімі шешімдерінің жобаларына, облыс әкімдігі қаулыларының жауаптарын дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы орындау, орындалуын бақылау және талдау.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 14-08-2019
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719