RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

Азық-түлік қауіпсіздігі, тамақ және қайта өндеу өнеркәсібі бөлімі

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі бөлімінің негізгі міндеттері тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласы субъектілеріне мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен механизмдерін түсіндіру; өндірістің орта мерзімді және облыстық  бағдарламаларын дайындау, іске асыру және мониторинг жүргізу; азық-түлік рыногына талдау жүргізу, сыртқы және ішкі азық-түлік рыногындағы жағдайды зерделеу және ақпаратты өнім өндірушілерге жеткізу; облыс өңірлеріне, азық-түлік өнімін өндірушілерге көрме, конкурстар, шығарылатын өнімнің сапасы, түрлері бойынша семинарлар тәрізді өңірлік іс-шаралар өткізуге ықпал жасау; кәсіпорынның инновациялық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату.

Айтуаров Талгат ТохтархановичАзық-түлік қауіпсіздігі, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі бөлімінің басшысы Айтуаров Талғат Тохтарханұлы

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің экономикалық және техникалық саясатының негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
даму перспективалары мен үрдістерін айқындайды, салаларды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырады, оларды жүзеге асыру барысына талдау жасау;
азық-түлік рыногының қатысушыларына ақпараттық қызметтер көрсетуді ұйымдастырады, облыс және республика өңірлері бойынша нарық конъюктурасын зерделеу;
тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары өнімдерінің өңірлік көрмелері мен жәрмеңкелерін өткізуді ұйымдастыру;
озық тәжірибелерді зерделейді және таратуға қатысу;
сапа жөніндегі кеңес жұмысына қатысу;
белгіленген нысандағы есептік мәліметтерді ұсыну;
облыс әкімінің, әкімдігінің өсімдік шаруашылығы саласындағы  шешімдері мен қаулыларын, жұмыс жоспарына сәйкес облыс әкімдігінің отырыстарына материалдар әзірлеу.

Бас маман
Әбділдинова Жанар Нығмаділқызы
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу. Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері жұмсаған шығындарды өтеу бөлігінде инвестициялық жобаларды қарау және олардың тізілімін жүргізу. Дайындау ұйымдарының жұмысына мониторинг жүргізу, дайындау ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу. Бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын, қосылған құн салығына есептелген салық шегінде субсидиялау бағдарламасы бойынша төлеуге арналған құжаттарды қабылдау. Негізгі азық-түлік тауарларының топтасқан рыногына мониторинг жүргізу, жұмыс орындарын құру. Озық кәсіпорындардың тәжірибесін таратуға ықпал жасау. АӨК дамыту мәселелеріне қатысты облыстық семинарлары мен кеңестерін өткізуді ұйымдастыруға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
Қайратова Әсел Қайратқызы Бас маман
Қайратова Әсел Қайратқызы
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бағдарламаларын әзірлеу. Ішкі және сыртқы азық-түлік нарығындағы жағдайды зерделеу, АӨК субъектілерінің тиісті ақпаратттарға қол жетімділігін қамтамасыз ету. Тендерлік негізде ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын    мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға сату үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау бойынша жұмыстар жүргізу. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау бойынша жұмыстар жүргізу. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру. Бағаларды қалыптастыру, шығындар құрылымы және азық-түлік өнімінің өзіндік құнын төмендету бағыттары, тамақ өнеркәсібі саласында еңбек өнімділігін көтеру бойынша ұсыныстар әзірлеу және кеңестер беру. Бизнес-жобалар әзірлеу үшін кеңестер беру, облыстық және республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша кредиттеу тұрғысында оларды сараптамалық бағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

Парақтар өзгертілді: 23-09-2019
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719