RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

Өсімдік шаруашылығы, егіншілік және мелиорация бөлімі

Өсімдік шаруашылығы, егіншілік, механикаландыру және мелиорация бөлімінің басшысы Тулеутаев Әділет Түлеуханұлы

Өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады;
өсімдік шаруашылығын дамыту мәселелеріне қатысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін облыстық семинарлар мен кеңестер өткізуді ұйымдастыруға қатысады;
құзыреті шеңберінде негізгі қызмет мәселелері жөніндегі кеңестердің, комиссиялардың жұмысына қатысады;
бөлімнің құзыретіне кіретін өсімдік шаруашылығы саласындағы азаматтар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің хаттары мен өтініштерін қарайды;
өсімдік шаруашылығы саласындағы облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің материалдары мен жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
осы саладағы Заңға, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
белгіленген нысандар бойынша есептік деректерді ұсынады.

Бас маман
Нуриханова Карлыгаш Адылхановна
Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштардан басқа) құнын субсидиялау бағдарламасын іске асыруға қатысу. Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру  бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Облыс аудандарындағы егіс алқаптарының құрылымы туралы ақпарат жинау. Мал азығын дайындау, сүдігер көтеру тапсырмаларын әзірлеу және аудандарға жеткізу. Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге талдау жасау. Минералдық тыңайтқыштарды жеткізушілерден, фирмалардан ақпарат алып, оны облыстың аудандарына жеткізу. Тауар өндірушілерге жерді ұтымды пайдалану, дақылдар мен сорттарды іріктеу, барынша жоғары нәтиже беретін минералдық тыңайтқыштарды қолдану туралы кеңестер беру. Заманауи технологияларды насихаттау бойынша семинар-кеңестер ұйымдастыруға қатысу. Мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу. Апробаторлар мен тұқым сарапшыларын дайындауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Бас маман
Қарсақбаева Мадина Иманғазықызы
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
карантиндi объектiлердiң таралуының есебін жүргізу және карантин бойынша уәкілетті органға және мүдделi адамдарға ақпарат беру;
мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдау;
Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тізбеге сәйкес және тәртіппен зиянды организмдермен күрес жөніндегі іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету;
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жағар-жанармай және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия төлеу жұмыстарын ұйымдастыру;
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге гербицидтердің, тұқым дәрілеуіштердің құнын арзандатуды бюджеттік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асыру;
облыстың аудандары бойынша егіс алқаптарының құрылымы туралы ақпарат жинау және жинақтау;
Бас маман
Күзенбаев
Мейржан
Бауржанұлы

Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметін көрсету бойынша қызметтерді лицензиялау;
астық қабылдау кәсіпорындарын: бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;
астық қабылдау кәсіпорындарының: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға материалдар әзірлеу;
облыс шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау;
астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;
астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;
өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;
бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысу;
облыс әкімінің, облыс әкімдігінің астық мәселелері бойынша шешімдері мен қаулыларының жобаларын әзірлеу;
облыстық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде материалдар әзірлеу, АӨК өнімінің өңірлік көрмелеріне қатысу;
белгіленген нысандарда есептер беру;
Басқарма басшысының, басқарма басшысы орынбасарының, бөлім басшысының тапсырмаларын уақтылы орындау.

Нурпаисов Ернур Сарсенович Бас маман
Нұрпаисов Ернұр Сәрсенұлы
Қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, ұстау және тиісті жағдайда ұстау); пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау); пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу; пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау; карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізу және өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органға және мүдделі тұлғаларға ақпарат беру; мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері - жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру; өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша тиісті аумақтарда карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу немесе оны жою туралы шешім қабылдау; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуды жүзеге асыру; облыс аудандары бойынша егіс алқаптарын жинау және жинау; мал азығын дайындау, жемді жырту бойынша тапсырмаларды әзірлеу және аудандарға жеткізу. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Лабанов Ербол Кадылбекович Бас маман
Лабанов Ербол Кадылбекович
Өсімдік шаруашылығы және егіншілік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; табиғи-климаттық жағдайларды және нарық коньюктурасын ескере отырып, егіс алқаптарының құрылымын оңтайландыру, өндірістің озық технологияларын жетілдіру және енгізу; жаңа технологияларды насихаттау және тарату, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді ұтымды пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру; облыстағы өсімдік шаруашылығының даму жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу және соның негізінде жаңа технологияларды жетілдіру, енгізу және өнімділікті арттыру, оның ішінде егістік құрылымын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жалпы үйлестіру; өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған іс-шараларды жүзеге асыру; басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жағар-жанармай және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату; жеміс-жидектердің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарын субсидиялау іс-шараларын жүзеге асыру; облыс бойынша егіс алқаптарының құрылымы және егін жинау туралы ақпарат жинау, аудандарға мал азығын дайындау, сүдігер көтеру бойынша тапсырмалар әзірлеу және жеткізу; ауылшаруашылық өнімінің өндірісіне талдау жасау, ағымдағы және бақылау хаттарына жауаптар әзірлеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, мәслихат шешімдерін және облыс әкімінің өкімдерін орындау; облыстық іс-шараларды өткізуге қажетті материалдар әзірлеу, АӨК-нің өңірлік жәрмеңкелері мен көрмелерін өткізуге қатысу, белгіленген нысандарда есептік деректер беру,бас маманға жүктелген функцияларды және Басқарма басшысының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау. Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Парақтар өзгертілді: 14-08-2019
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719