RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ


Егіншіліктегі энергия және ресурс сақтау технологиясы

Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің минималдық технологиясын қолдану бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының ұсыныстары
1 нұсқа


  1. Алдында өсірілген дақылды жинау кезінде сабанды ұсататын жабдығы бар комбайндар сабанды ұсатып, аңызға шашу керек.
  2. Күзде минералдық және органикалық тыңайтқыштар тыңайтқыш сепкішпен немесе астық сепкіштермен себіледі.
  3. Аңызды КПЭ-3.8 қопсытқышымен, әртұрлі модификациялы АПК-мен немесе СЗС-2,1, СКП-2,1, СЗС-2,8 аңыздық тұқым сепкіштермен, кең ауқымды кешендермен 10-12 см тереңдікке дейін қопсыту. Онымен бір мезгілде минералдық тыңайтқышты себуге болады. Бұл кезде дақылдардың орны қопсып, тезірек өнуіне мүмкіндік туады және өсіп келе жатқан арам шөптер жойылады.
  4. Көктемгі ылғал жабу екі ізді тісті тырмалармен немесе БМШ-15, 20 арнайы құралдарымен, БИГ-3А инелі тырнамен жүргізіледі. Жердің беткі қабығы бұзылып, соның нәтижесінде ылғал тез буланады және арам шөптердің тез арада өсуіне ықпал етеді.
  5. Тұқым себер алдында топырақты АПК, КПСН(П)-4 қопсытқыштармен 6-8 см тереңдікте қопсыту арам шөптерді жояды және тұқым түсетін тығыз орынды қалыптастырады, топырақтың беткі қабатының қопсып, тұқым сепкіштердің тістерінің көзделген тереңдікке жетуіне мүмкіндік береді.
  6. Тұқымды дискілі тістері бар СЗП-3,6А, СЗПУ-3,6 тұқым сепкіштермен себу, топырақ қопсытумен бір мезгілде АПП-7,2 сияқты агрегаттармен тұқым себу жолы тиімді деп саналады.
  7. Өсімдіктерді түптеу кезінде арам шөптерді гербицидтермен өңдеу жүргізу керек. Масақ қалыптасу фазасында фунгицидтермен және зияндылық артқан кезде инсектицидтермен өңделеді.

Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің минималдық технологиясын қолдану бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының ұсыныстары
2 нұсқа


  1. Алдында өсірілген дақылды жинау кезінде сабанды ұсататын жабдығы бар комбайндар сабанды ұсатып, аңызға шашу керек.
  2. Күзде минералдық және органикалық тыңайтқыштар тыңайтқыш сепкішпен немесе астық сепкіштермен себіледі.
  3. Аңызды КПЭ-3.8 қопсытқышымен, әртұрлі модификациялы АПК-мен немесе СЗС-2,1, СКП-2,1, СЗС-2,8 аңыздық тұқым сепкіштермен, кең ауқымды кешендермен 10-12 см тереңдікке дейін қопсыту. Онымен бір мезгілде минералдық тыңайтқышты себуге болады. Бұл кезде дақылдардың орны қопсып, тезірек өнуіне мүмкіндік туады және өсіп келе жатқан арам шөптер жойылады.
  4. Көктемгі ылғал жабу екі ізді тісті тырмалармен немесе БМШ-15, 20 арнайы құралдарымен, БИГ-3А инелі тырнамен жүргізіледі. Жердің беткі қабығы бұзылып, соның нәтижесінде ылғал тез буланады және арам шөптердің тез арада өсуіне ықпал етеді.
  5. Егіс алқабын тұқым себуден 6-7 күн бұрын жаппай әсер ететін гербицидтермен бір гектарға 1-2 литр дозада химиялық өңдеу («Глифосат» затымен) қажет. 6-7 күн уақыт препараттың арам шөптердің тамыр жүйесіне енуін қамтамасыз ету үшін керек.
  6. Тұқым себу  СКП-2,1, «Омичка» типті тұқым сепкіштермен, «Обь» топырақ өңдеу машинасымен, «Моррис» типті егіс кешенімен немесе СЗП-3,6А дискілі қатарлы тұқым сепкіштері бар АПП-7,2-02  агрегаттармен жүргізіледі.

Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің нөлдік технологиясын қолдану бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының ұсыныстары


  1. Алдында өсірілген дақылды жинау кезінде сабанды ұсататын жабдығы бар комбайндар сабанды ұсатып, аңызға шашу керек. Сабанмен біртексі жабу топырақты қатты кебуден сақтайды және топырақ бактериясының тез дамуы үшін температуралық тепе-теңдікті жақсартады.
  2. Егіс алқабын тұқым себуден 6-7 күн бұрын жаппай әсер ететін гербицидтермен бір гектарға 1-2 литр дозада химиялық өңдеу («Глифосат» затымен) қажет. 6-7 күн уақыт препараттың арам шөптердің тамыр жүйесіне енуін қамтамасыз ету үшін керек.
  3. Тұқым себу  СКП-2,1, «Омичка» типті тұқым сепкіштермен, «Обь» топырақ өңдеу машинасымен, «Моррис» типті егіс кешенімен немесе СЗП-3,6А дискілі қатарлы тұқым сепкіштері бар АПП-7,2-02  агрегаттармен жүргізіледі.
  4. Масақ қалыптасу сатысында қажет болғанда фунгицидтермен және зияндылықтың экономикалық шегінен асқан жағдайда инсектицидтермен дәрілеу керек.


Парақтар өзгертілді: 18-04-2016
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719