RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

Кадрлық саясат


Бос орындар

2019 жылғы 9 қазандағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдары туралы мәлімет

р/р №  Бос лауазымның толық атауы Санаты Бос бірліктің саны
1. Басқарма басшысы Д-О-1 1
2. Бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алулар және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Д-О-4 1
3. Инвестиция және қаржы құралдары бөлімінің бас маманы Д-О-4 2
Барлығы: 4

Конкурсқа қатысушылардың және «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос болып табылатын орындарға кандидаттардың назарына!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-тармағы негізінде конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу жөніндегі конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
Сонымен қатар, конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент), не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Жоғарыдағы қағидалардың 110-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей (конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде) Департаментке конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, Департаменттен келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды Сіз мына мекенжайға жолдауынызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 4.
Сонымен қатар, жолданған шағымда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 6-тармағына сәйкес, яғни тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетiлетіндігін және қол қойылуы қажет екендігін ескертеміз.
Шағымда iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 4,
сенім телефоны 8 (7232) 76 51 59).

 

Парақтар өзгертілді: 09-10-2019
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719