қазақша          русский 

RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

Жаңалықтар

Өскемен және Семей қалаларында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы ақапарат

Облыс әкімі Д.К.Ахметовтің тапсырмасы бойынша, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыру үшін Өскемен және Семей қалаларында биылғы жылғы 25 ақпаннан бастап апта сайын облыстың қала және аудандарының ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп келеді.

Бекітілген кестеге сәйкес кезекті жәрмеңке Өскемен қаласында 22 сәуірде Күршім ауданының және Семей қаласында Семей қаласының 14 ауылдық округінің қатысуымен өтті.
Семей қаласында «Северный» логистикалық сауда орталығында Семей қаласының ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің, кәсіпорындарының, фермерлік және жеке шаруашылықтарының қатысуымен кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Семейде барлығы 15,6 млн. теңгеге, 12 тонна өнім сатылды.

  1. сиыр еті - 47 бас/ 7,050 тонна;
  2. қой еті - 85 бас/ 1,895 тонна;
  3. жылқы еті - 13 бас/ 2,160 тонна;
  4. шошқа еті - 9 бас/ 0,915 тонна;
  5. бал өнімдері -30 кг;
  6. картоп-4,2 тонна;
  7. көкөністер -3,7 тонна;
  8. сүт өнімдері-40 литр;
  9. шаруа майы-30 кг.

2017 жылғы 22 сәуірде бекітілген кестеге сәйкес Өскемен қаласында «Фреш Маркет» логистикалық сауда орталығында сағат 8.00-де Күршім ауданының ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің, кәсіпорындарының, фермерлік және жеке шаруашылықтарының қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Күршім ауданы жәрмеңкеде барлығы 14,1 тонна ауылшаруашылық өнімін сатты. Оның ішінде:
- сиыр еті - 4,7 тонна;
-қой еті – 2,9 тонна;
- жылқы еті- 2,8 тонна
-нан және нан тоқаш өнімдері-0,2 тонна;
-балық-3,5 тонна;
Барлығы 17, 6 млн.теңгенің өнімі сатылды.

Сонымен қатар жәрмеңке барысында Күршім ауданының мәдениет ұйымының ұжымының ұйымдастырумен  концерттік бағдарлама өтті.

Өскемен және Семей қалаларында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы ақапарат

Өскемен және Семей қалаларында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы ақапарат

Өскемен және Семей қалаларында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы ақапарат

Өскемен және Семей қалаларында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы ақапарат

Copyright © 2008-2017
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz
телефон: (7232) 700-719
email: a.elyubaeva@akimvko.gov.kz  
Адм. сайта: Елюбаева Айжан