қазақша          русский 

RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

Жаңалықтар

Өскемен және Семей қалаларында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы ақапарат

Облыс әкімі Д.К.Ахметовтің тапсырмасы бойынша, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыру үшін Өскемен және Семей қалаларында биылғы жылғы 25 ақпаннан бастап апта сайын облыстың қала және аудандарының ауылшаруашылық тауарынөндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп келеді.

Бекітілген кестеге сәйкес кезекті жәрмеңке Өскемен қаласында 29 сәуірде Көкпекті ауданының және Семей қаласында Абай ауданының қатысуымен өтті.
Семей қаласында «Северный» логистикалық сауда орталығында Семей қаласының ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің, кәсіпорындарының, фермерлік және жеке шаруашылықтарының қатысуымен кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Семейде барлығы 12,6 млн. теңгеге, 7,5 тонна өнім сатылды.

  1. сиыр еті - 15 бас/ 3,15 тонна;
  2. қой еті -20бас/ 2,2 тонна;
  3. жылқы еті -11 бас/ 2,2 тонна;;
  4. сүт өнімдері-40 литр;
  5. шаруа майы-30 кг.

2017 жылғы 22 сәуірде бекітілген кестеге сәйкес Өскемен қаласында «ФрешМаркет» логистикалық сауда орталығында сағат 8.00-де Көкпекті ауданының ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің, кәсіпорындарының, фермерлік және жеке шаруашылықтарының қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Көкпекті ауданы жәрмеңкеде барлығы 14,1 тонна ауылшаруашылық өнімін сатты.

Оның ішінде:
- сиыр еті –7,7 тонна;
-қой еті – 2,2 тонна;
- жылқы еті-1,8 тонна
-нан және нан тоқаш өнімдері-0,2 тонна;
-балық-3,5 тонна;

Барлығы 15, 6 млн.теңгенің өнімі сатылды.

Өскемен және Семей қалаларында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы ақапарат

Copyright © 2008-2017
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz
телефон: (7232) 700-719
email: a.elyubaeva@akimvko.gov.kz  
Адм. сайта: Елюбаева Айжан