қазақша          русский 

RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыру үшін...

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыру үшін...Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыру үшін және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыстың қала және аудандарында апта сайын ауылшаруашылық жәрмеңкесін сәуір айынан мамыр айына дейін өткізу ұшін кесте жасалып бекітілген.

Сонымен қатар азық түлік қорын қамтамасыз ету үшін апта сайын аудандардың ірі елді мекендеріне де жәрмеңкелер өткізіледі.
Жәрмеңкеде өнім түрлері нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады.

Жәрмеңкеде үнемі 20-25 ауылшаруашылық тауарын өндірушілер және кәсіпорындар қатысады.
Бекітілген кестеге сәйкес Батырлар күніне және Жеңіс күніне орай бекітілген кестеге сәйкес Өскемен қаласында 6 мамыр күні Зырян ауданының , Семей қалсында Аягөз ауданының ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің, кәсіпорындарының, фермерлік және жеке шаруашылықтарының қатысуымен мерекелік жәрмеңке өтті.

Өскемен қаласында өткен жәрмеңке барлығы 5,5 тонна өнім,10,6 млн.теңгенің сатылды, Семей қаласында 7,8 тонна еттің барлық түрі және 1 тонна ұлттық өнімдер сатылды.
Аудан әкімдіктерінің ақпараты бойынша мерекелік жәрмеңке ірі елді мекендерінде де өткізілген атап айтқанда Ұлан,Тарбағатай, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Зайсан және де басқа да аудандарда өткен.

 

Copyright © 2008-2017
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz
телефон: (7232) 700-719
email: a.elyubaeva@akimvko.gov.kz  
Адм. сайта: Елюбаева Айжан