қазақша          русский 

RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыру үшін...

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыру үшін және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыстың қала және аудандарында апта сайын ауылшаруашылық жәрмеңкесін сәуір айынан мамыр айына дейін өткізу ұшін кесте жасалып бекітілген.

Сонымен қатар азық түлік қорын қамтамасыз ету үшін апта сайын аудандардың ірі елді мекендеріне де жәрмеңкелер өткізіледі.
Жәрмеңкеде өнім түрлері нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады.

Жәрмеңкеде үнемі 20-25 ауылшаруашылық тауарын өндірушілер және кәсіпорындар қатысады.
Бекітілген кестеге сәйкес облыс орталығында 13 мамыр күні Катонқарағай ауданының, Семей қаласында Семей қаласының қалалық округтерінің қатысуымен жәрмеңке өтті.

Өскемен қаласында өткен жәрмеңке барлығы 6,5 тонна еттің барлық түрі, панта өнімдері, қымыз, картоп өнімдері 15,6 млн.теңгенің сатылды, Семей қаласында 10,0 тонна еттің барлық түрі және 4,2 тонна картоп, 3,7 тонна көкөніс  өнімдері сатылды.

Катонқарағай ауданы жәрмеңке кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырып сонымен қатар жәрмеңкеге келушілерлер үшін ас мәзәр жасап ұсынды.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыру үшін...

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыру үшін...

 

Copyright © 2008-2017
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz
телефон: (7232) 700-719
email: a.elyubaeva@akimvko.gov.kz  
Адм. сайта: Елюбаева Айжан