RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

2018 жылғы 29-30 қыркүйекте Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

2018 жылғы 29-30 қыркүйекте Астана қаласында астананың 20 жылдығы мерекесіне орай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Ауыл шаруашылығы басқармасы жәрмеңкені өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Аудандар мен қалалардың әкімдеріне жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдердің көлемі және түржинағы бойынша ақпарат жіберілді.

Жәрмеңкеге Өскемен және Семей қалалары, 15 аудан, оның ішінде:   Абай,  Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое,  Зырян, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха, Жарма аудандарының ауылшаруашылық тауарын өндірушілері қатысты.                                                                                                                ;

  Астана қаласындағы жәрмеңке алаңына 45 шатыр орнатылып,  50 сауда орны орналастырылды. Облыстың шаруа қожалықтары мен қайта өңдеуші кәсіпорындары астаналықтар үшін экологиялық таза және жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімінің түр-түрін жеткізді.  

Жәрмеңкеде сатуға:  35 тонна бал және панты өнімдері, 6 тонна шұжық өнімдері, 11 тонна сүт өнімдері, 13 тонна өсімдік майы, 8 тонна жарма, 8 тонна балық, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз және ұлттық сүт өнімдері, 200 тонна көкөніс және картоп қойылды.

Барлығы 210 млн. теңгенің 300 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылды.

Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719