RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын

7 желтоқсанда облыстық драма театрында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

Облыстағы ауыл шаруашылығы саласының үздіктері  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің медалімен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен,  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің грамотасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен, алғысымен марапатталды.

Бүгінгі күні облыс халқының 39% ауылды жерде тұрады және экономикалық белсенді халықтың 1/3 бөлігі ауыл шаруашылығында еңбек етеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында, алдағы бес жылда АӨК-нің әлеуетін толық іске асырып, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын 2,5 есе арттыру мақсатын қойған болатын. Берілген міндетті орындау үшін АӨК-ні дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын орындау тұжырымдамасы әзірленді және іске асырылуда.

Мерекелік іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетістіктер туралы бейнеролик көрсетілді және облыстың шығармашылық ұжымдары концеттік бағдарлама ұсынды.

Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719