RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

«Коррупциялық  тәуекелдерді  ішкі  талдау»  тақырыбына семинар

2019 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында «Коррупциялық тәуекелдерді ішкі талдау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп өткізілді.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мағзатова Лейла Тлеуханқызы қатысты.

Мағзатова Лейла Тлеуханқызы өз сөзінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының нормаларын, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің типтік ережелерін түсіндірді.

Басқарма жұмысын, мемлекеттік қызмет көрсету, мүдделер қақтығысының алдын алу және анықтау, персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы, басқарманың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселелері қозғалды.

Сөз соңында басқарма қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719