RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

Өтінімдерді қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің  2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген  «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау тек қана  «Qoldau.kz» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялауға қатысу туралы өтініштер 2019 жылғы  1 сәуірден бастап қабылданады.
Техника түрлерін субсидиялауға келіп түскен барлық өтінімдер бойынша (тізім бойынша) портал автоматты түрде осы техника түрлерін ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу жүйесінде (бұдан әрі - АШТМТ) тіркеудің бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізеді. Егер сатып алынған техника АШТМТ жүйесінде көрсетілмеген жағдайда портал Сіздің субсидиялауға өтініміңізді қабылдамайды.
АШТМТ жүйесінде тіркеуге жататын тізімде көрсетілген барлық техниканың тіркелууін бақылап отыруыңызды сұраймыз.

Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719