RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

«Автопоиск» АИПС» ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы есепке алу жүйесін енгізу» жобасы

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылғы 1 тамыздан бастап «Автопоиск» АИПС» ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы есепке алу жүйесін енгізу» жобасын іске асырды.

«Ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы есепке алу жүйесін енгізу» жобасын іске асыру облыста ауыл шаруашылығы техникасының бірыңғай электрондық базасын құруға және оны тіркеуге, талдау жүргізуге, типі, қуаты, маркасы және басқа да көрсеткіштері бойынша деректерді жинауға мүмкіндік берді, сондай-ақ техниканың болуы туралы анықтама беру мерзімін 2 аптадан 20 минутқа дейін қысқартады, бұл жалпы халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартты.

Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының жұмысын оңтайландыру үшін, сондай-ақ электрондық үкіметтің талаптарын орындау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ГРСТ) «Автопоиск» ААЖ-ны (Light версия) интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719