RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

«Бал жәрмеңкесі – 2019»

2019 жылдың 14 қыркүйегінде Өскемен қаласында қала күніне орай «Бал жәрмеңкесі – 2019» іс-шарасы өткізілді.

Барлығы облыстың 10 ауданы мен 3 қаласынан 123 омарташы қатысты. Жәрмеңкеде 51 тонна бал және бал өнімдері сатылды.

Жәрмеңкеде бал, аналық сүт, кәрез, перга, балауыз, балдағы жаңғақ, тозаң, балауыз, мумия, бал түбі ұсынылды.

Әр шатыр, әр сауда нүктесі мерекелік безендірілді. «Бал жәрмеңкесі – 2019» жәрмеңкесі бойынша арнайы құрылған комиссия бойынша барлық омарташылардың шатырларын аралап шықты.

Нәтижесінде мынадай номинациялар бойынша баға берді:

1. «Үздік сауда-көрме павильоны»

2. «Ең танымал және сұраныстағы бал»

3. «Бал ара өнімдерін ораудан уздік дизайн».

Жәрмеңке қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздарын грамоталармен марапаттау рәсімі өткізілді.

 

Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719