RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

ШҚО агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы 2019 жылғы қаңтар-тамыз бойынша ақпарат

Облыстың агроөнеркәсіптік кешені Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дамуда.

2019 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 245,4 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13% артық. Өсімдік шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісі 44,2 млрд. теңгені, мал шаруашылығы 201,0 млрд. теңгені құрады.

2019 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 104,3% құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар ағымдағы жылғы 8 айда 17,4 млрд.теңгені құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 30,5% артық.

Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауарлы өнімінің көлемі 87,3 млрд. тенгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,3%-ға жоғары. Тамақ өнімдерінің НКИ-109,5%.

2019 жылдың жеті айында қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортының көлемі 39,4 млн. АҚШ долларын құрады.

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында тірі салмақта 158,1 мың тонна мал және құс еті өндірілді, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға, 667,1 мың тонна сүт (4,2%-ға өсті), 105,6 млн. дана жұмыртқа (2,5%-ға өсті).

Ірі қара мал басының саны 7,3%-ға артып, 1 166,2 мың басты құрады, оның ішінде сиыр 8,1%-ға (548,0 мың бас), жылқы 11,4%-ға (420,7 мың бас) артты.

Қой мен ешкі санының 1,5%-ға немесе 31,3 мың басқа төмендегені байқалады.

Облыста 2019 жылғы егін жинау науқаны аяқталуға жақын. 2019 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша дәнді дақылдар 534,2 мың га немесе 97,2% алқапта жиналды.

Картоп 13,9 мың га (72%), көкөніс 6,8 мың га (83%) және бақша дақылдары 5,5 мың га (96,5%) жиналды.

Майлы дақылдарды жинауға кірісіп, жинауға тиісті 481,7 мың гектардың 20 мың га немесе алқаптың 4% жиналды.

 

Басқарма басшысының м.а. В. Гайламазян

Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719