RSS жаңалықтарПодписка на новости в формате RSS

САЛАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Саланың көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені
дамуының 2018 жылғы қорытындысы туралы

Өткен 2018 жылы ауыл шарушылығы өнімінің жалпы көлемі 506,7 млрд. теңгені құрады және 2017 жылғы деңгейден 7,4%-ға артты. Осы ретте, республика бойынша орташа көрсеткіш 103,4% болғанда, жалпы өнімнің нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 105,2%-ға жетті.
Талдау жүргізілген кезең бойынша тағам және қайта өңдеу кәсіпорындарының тауарлы өнімінің көлемі 126,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 4,7% артық. Азық-түлік өнімдерінің НКИ 106,2%.
2018 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 26,9 млрд. теңгені құрады, 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 38%.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 2791,0 мың теңгені құрады, 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғандағы өсім +15%.
2018 жылғы 9 ай бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 197,7 млн. АҚШ долларын құрады, 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғандағы өсім 169%.
Жоғарыда аталған көрсеткіштеріне қол жеткізуге мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін және оларды қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы ықпал етті.
2018 жылы мал мен құстың барлық түрлерінен ет өндіру көлемі 282,0 мың тоннаны құрады (2017 жылмен салыстырғанда +4,2%), сүт 914,9 мың тонн (2017 жылмен салыстырғанда +4,3%) және жұмыртқа 148,7 млн. дана (2017 жылмен салыстырғанда +0,6%).
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің ұлғаюымен қатар, шаруашылықтардың барлық санаттарында қой мен ешкіден басқа, мал мен құстың барлық түрлері саны өсті. Ірі қара мал саны 952,7 мың бас құрады (+6,4%), жылқы саны 362,4 мың бас (+12,3%), шошқа саны 67,8 мың бас (+0,7%) және құс саны 3,9 млн. бас (+0,9%).
Талданып отырған кезеңде оперативтік мәлімет бойынша астықтың көлемі 811,5 мың тоннаны құрады 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда  өсім +7,6%, майлы дақылдар 561,0 мың тонна өсім +1,5%, картоп 423,7 тонна (+2%) және көкөністер 242,1 мың тонна (+3,1%).
Етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2018 жылы 3 190 бас импорттық мал сатып алынды.
2018 жылы алты мың басқа арналған 3 бордақылау алаңы, оның ішінде Тарбағатай ауданында 5 мың басқа арналған екі және Аягөз ауданында 1 мың басқа арналған бір алаң салынды.
Соңғы жылдары облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері алғаш рет сиыр етін экспорттауды бастады, 2018 жылы барлығы 228 тонна экспорталды.
Сүтті мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін 2018 жылы облыста 950 басқа арналған 6 тауарлы сүт фермасы салынып, пайдалануға берілді. 13 сүт қабылдау пункті құрылды.
2018 жылы тауарлы сүт фермалары мен сүт қабылдау пункттері барлығы 113,0 мың тонна сүт өндірді, бұл ретте сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктелімі 75% құрады.
Агроөнекәсіптік кешенді дамыту мақсатында облыста мемлекеттік қолдау шаралары белсенді іске асырылуда. Мысалы, 2018 жылы субсидиялау бағдарламалары бойынша 17,5 млрд. теңге бөлініп, игерілді.
Одан басқа, 2018 жылы «ҚазАгро» АҚ-ның қаржы институттары кредиттеу бағдарламалары бойынша облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 17,4 млрд. теңге берді. Сонымен бірге өнімді еңбекпен қамтуды дамыту бағдарламасы шеңберінде 3,3 млрд. теңге кредит қаражаты берілді.

Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенінің 2018 жылғы 9 айдағы дамуы туралы

Ауыл шаруашылығы басқармасының биылғы жылғы жұмысы АӨК-ні дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттері мен бағыттарына, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес  жргізіледі. Биылғы жылғы  9 айда сала мынадай көрсеткіштерге қол жеткізілді:
1. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының  жалпы өнім көлемі 318,8 млрд.тг. құрады, бұл 2017 жылғы тиісті кезеңнен 4,8% артық (304,1 млрд.тг). Оның ішінде мал шаруашылығында 208,3 млрд.тг, өсімдік шаруашылығында 110,3 млрд.тг.  Жалпы өнімнің нақты көлем индексі  (НКИ) 100,4%.
2. Жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарының осы жылғы 1 қыркүйектегі саны 15,5 мың немесе 2017 жылғы тиісті кезеңнен 6,4% артық (14,6 мың шаруашылық).
3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында  өнім өндіру көлемінің өсуі тірі салмақтағы құс еті мен мал етін өндіру көлемінің 4,0%, сүт сауу 4,1%, жұмыртқа өндіру 1,2% артуымен негізделеді.
Сонымен қатар тірі салмақта сиыр етін өндіру 78 843,5 тонна, бұл 2017 жылғы тиісті кезеңнен 6,7% жоғары (73 872,3 тонна).
Тірі салмақта қой етін өндіру 25 692,7 тонна, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 8,6% артық (28 122,2 тонна).
Тірі салмақта шошқар етін өндіру 6171,6 тонна, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 2,5% артық (6329,7 тонна).
Тірі салмақта құс етін өндіру 41 902,2 тонна, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 4,6% жоғары (40 051,4 тонна).
Тірі салмақта жылқы етін өндіру 26 664,6 тонна, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 12,5% жоғары (23 703,4 тонна).
Шикі сиыр сүтін өндіру көлемі 731 196,0 тонна құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 4,1% артық (702 615,0 тонна).
Тауық жұмыртқасы 117 173,6 мың дана, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 1,2% артық (115 822,4 мың дана).
4. Мал саны.
МІҚ мал саны 3,8% (1 046,7 мың бас), оның ішінде сиыр 4,9% (508,1 мың бас).
Ұсақ мал саны өткен жылғы 9 аймен салыстырғанда 89,5% төмендеп, 1,68 млн. басты құрады, былтыр 1,88 млн. бастан 198,7 мың басқа дейін.
Шошқа саны 72 165 бас және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,7% артты (65 782).
Құс саны 4 629,3 мың бас және 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1%  артты (4626,8 мың бас).  
Жылқы саны 377 621 бас және  өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,2% өсті (352 386 бас).
5. Негізгі капиталға инвестиция.
АӨК саласындағы негізгі капиталға инвестиция биылғы жылғы 9 айда 52,5% немесе 16,1 млрд.тг құрады (2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,5 млрд.тг.).
6. Қайта өңдеу
Қайта өңдеу кәсіпорындарының тауарлы өнім көлемі 9 айда 73,4 миллиард теңгені құрады, өткен жылы 66,8 миллиард теңге болған. Тамақ өнімдерінің НКИ 110,9%. 
7. Өсімдік шаруашылығы. Биылғы жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңы 1 млн. 369,4 мың гектар, бұл былтырғы жылғы деңгейден 53 мың гектар артық (104%). Оның ішінде;                               
- дәнді және дәнді бұршақ дақылдары 583,5 мың га (42,6%);
- майлы дақылдар, барлығы 434,9 мың га (31,8%);
- мал азығы дақылдары 316,3 мың га (23,0%);
- картоп 21,8 мың га (1,6%);
- көкөніс және бақша дақылдары 13,8 мың га (1,0 %).
Облыстың аграршылары егін жинау науқанына толық дайындық жүргізді: техникамен, кондициялы тұқыммен, ЖЖМ және кредиттік ресурстармен қамтамасыз етілді.
Биылғы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі тыңайтқыштар енгізудің  минималды нормаларын белгіледі, осыған байланысты аммиакты селитраның нормасы 4 есе, аммофос 6,5 есе азаяды деп күтілді (аммиакты селитраның үлесі – 55%, аммофостың үлесі – 21%).
Минералдық тыңайтқыштардың нормаларын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштарды енгізу нормалары Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылғы деңгейге жеткізілді.
Өсімдік шаруашылығы саласын барлық бағдарламалар бойынша қолдау үшін  4,3 млрд. теңге субсидия бөлінді, оның 2,4 млрд. теңгесі (56%) игерілді.

Мұрағат

 

Парақтар өзгертілді: 18-02-2019
Copyright © 2008-2019
Яндекс.Метрика Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
Головков көшесі, 38 - 40
email: 700718@agro.vko.gov.kz

Қабылдау бөлмесінің телефоны: (7232) 700-701
Сайт әкімшісі: Аймухамбетова Нургуль Молдашевна

email: n.aymukhambetova@akimvko.gov.kz
Тел 700-719